Жібек Құламбаева мансабындағы алғашқы WTA атағын жеңіп алды

14 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Хужоу қаласында өткен WTA 125 сериясындағы турнирдің жұптық сайысында чемпион атанды.

Финалда Жібек словениялық әріптесі Вероника Эрьявецпен бірге жапондық жұп — Аяно Шимицу мен Момоко Кобориді бір сағаттан астам ойында 6:4, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Бұл 25 жастағы Жібектің жұптық разрядтағы WTA турниріндегі тұңғыш атағы. Бұған дейін ол ITF турнирлерінде жұптық сайыста 35 рет топ жарған болатын.