Мемлекет басшысы қазақстандық боксшыларды құттықтады

14 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырханды бокстан Әлем чемпионы атануымен, сондай-ақ Назым Қызайбайды күміс жүлде, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпованы қола жүлде иеленуімен құттықтады, - делінген хабарламада.

Президент спортшыларымыздың алдағы финалдық жекпе-жектеріне сәттілік тіледі.