Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева қазіргі уақытта атқарып жүрген істері жайлы бөлісіп, жеке өмірін сөз ететіндерге ренішін жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Кеш жарық, инста достар! Өнердегі жандардың қай-қайсысының болмасын өмірін талқылап жататын (кәсіби журналистер емес)подписчиктер үшін арын сататын “журналистсымақтар” мен “блогерсымақтар” елімізде жеткілікті.
Әр адам біреудің ішкен-жегені, сүрген өмірі, қайда барды, кіммен тұрды, не істеп жатыр деп, біреудің өмірі туралы бас қатырғанша, неге өз өмірімен алыспайды екен?!
Әңгіме қылып отырған адамның алдымен жүріп өткен жолы, салып келе жатқан ізі қандай екенін, немен айналысып жүргенін, нәтижесін есепке алмастан жерден алып, жерге салып жатқандары өте өкінішті және ұят тірлік!
Мен дамығанды, оқығанды жақсы көремін! Өнер — ол менің бойтұмарым. Бәрін қатар алып келе жатқан жанмын.
Мен Сіздерді Астана қаласындағы “ @a.i_academy ” академиясындағы талантты жас шәкірттеріммен таныстырғым келеді. Алды университеттерге түсіп кетті. Шәкірттеріммен сағынып көріскен сәттен бір естелік болсын», — деп жазды Айгүл Иманбаева.