Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды

Бүгін, 16:55 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандық спортшы 48 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде үндістандық Минакшимен жұдырықтасты.

Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түсті. Алайда екінші кезең 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың пайдасына аяқталды. Дегенмен жекпе-жек соңында үндістандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанды.

Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы күміс жүлдені салды.