Венгрия заңдарының өзгертулеріне халқы наразы
Венгрия заңдарының өзгертулеріне халқы наразы
Венгрия президенті жаппай ереуілдерге қарамастан шетелдік жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін заңға қол қойды.
Соның салдарынан Орталық Еуропа университеті жабылуы мүмкін. Өйткені америкалық миллиардер Джордж Соростың қаржысына ашылған оқу орны АҚШ-та тіркелген. Алайда онда білім беру мекемесі жұмыс істемейді. Ал жаңа заңға сәйкес енді шетелдік университеттердің тіркелген елінде де оқу алаңы болуы тиіс. Құжат әуелден-ақ жергілікті жұрттың наразылығын тудырды. Осы ретте ел астанасы Будапештте соңғы 3 жыл ішіндегі ең ауқымды ереуіл өткен.
Ашынған жұрт президенттен осыған дейін парламенттің мақұлдаған заң жобасына қол қоймауын сұраған.
Осы орайда Қазақстандағы шетелдік оқу орындарының да осындай тәжірибемен жұмыс істейтіндері бар. Яғни, елімізде ашылған университеттің сол елде негізгі корпустары жоқ. Сондықтан шетелдік оқу орнын ашуда, осындай кілтипандарға мән берген дұрыс.