Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық сегіз спортшы финалға жолдама алды.
Әлеми чемпионатының ақтық сынына өткен боксшылар:
Назым Қызайбай (48 келі);
Санжар Тәшкенбай (50 келі);
Махмұд Сабырхан (55 келі);
Алуа Балқыбекова (51 келі);
Төрехан Сабырхан (70 келі)
Аида Әбікеева (65 келі);
Айбек Оралбай (90 келіден жоғары);
Наталья Богданова (70 келі).
Ал Қазақстан атынан сынға түскен Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) әлем чемпионатын аяқтап, ел қоржынына екі қола түсірді.
Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер бүгін, 14 қыркүйекте өтеді. Әлем чемпионатының ақтық сынын "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарының тікелей эфирінен көруге болады.