Қазгидромет қазақстандықтарға ескерту жасады

Бүгін, 00:30 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Жексенбі, 14 қыркүйекте Астанада, Алматыда және Қазақстанның бірқатар облысында үсік жүреді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 

14 қыркүйекте түнде және таңертең Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жел екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.

Алматы қаласында 14 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай ойнайды. Қонаев қаласында 14 қыркүйекте түнде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.

14 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. Көкшетау қаласында 14 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

instagram.com

Перейти

Астана қаласында 14 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

14 қыркүйекте Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 14 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

14 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 14 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

14 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысында солтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-батысында 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында 14 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

14 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Петропавл қаласында 14 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

14 қырқүйекте күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

14 қыркүйекте Абай облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді.

14 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

14 қыркүйекте Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 14 қыркүйекте түнде найзағай ойнайды.

14 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 14 қыркүйекте солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей уақыттарда жел екпіні 15 м/с-қа жетеді.

14 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20-қа, күндіз жел екпіні 23 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 14 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

14 қыркүйекте түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қаласында 14 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

14 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсік жүреді.

14 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. Талдықорған қаласында 14 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.