Ақтөбеде киіктердің өлексесі табылды

13 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Бұл Әйтеке би ауданының аумағы. Мамандар ертең барып, мән-жайды анықтайды.

Әлеуметтік желіде Қайрақты өзені жағасында киіктердің өлексесі табылғаны туралы видео тарады. Видеоден бір емес, ондаған киіктің жатқанын көруге болады. 

Ақтөбе облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әділкерей Әуелбаевтың айтуынша, видеоны түсірген адам табылды.