Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова (51 келі) финалға шықты.
Отандасымыз финал жолдамасын қытайлық Ци Синьюмен қолғап түйістірді. Нәтижесінде қарсыласын 4:1 есебімен жеңді. Енді ол финалда түрік Бусиназ Чакироглумен жұдырықтасады.
Алуа Балқыбекова 1996 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін әлем чемпионатында алтын, күміс, қола медаль алса, екі мәрте Азия чемпионы атағын жеңіп алды.