Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының финалына жолдама алды

13 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан (55 келі) финалға жолдама алды. 

Отандасымыз жартылай финалда қытайлық қытайлық Лю Чуанмен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында төрешілердің барлығы Махмұдтың жеңісіне қолдау білдірді. Нәтижесінде ол қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.

Махмұд Сабырхан 2023 жылы әлем чемпионы атанса, 2021 жылы күміс жүлдегер болды. 

Ал 2024 жылы Азия чемпионы болса, 2022 жылы күміс медаль алды.