Санжар Тәшкенбай (50 келі) Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионаты финалына жолдама алды.
Отандасымыз жартылай финалда кубалық Алехандро Кларо Физмен қолғап түйістірген еді.
Тәжірибелі қарсыласын қапы қалдырған қазақстандық былғары қолғап шебері финалға шықты.