Камчыбек Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі ұсталды

Бүгін, 13:54 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Қазақстан Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті іздеуде жүрген Қырғызстан азаматын Алматыда ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомствоның медиа-порталында хабарланғандай, ол 17 жыл бұрын Бішкек қаласында адам өлтірді деген күдікке ілінген. Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті Камчыбек Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына мүше.

Жалпы қыркүйек айында іздеуде жүрген 81 адам ұсталып, 58 хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жері анықталды. Бұдан басқа ТМД елдері мен алыс шет елдер үшін 28 қылмыскер ұсталды. Астана қаласында Молдова Ішкі істер министрлігімен, 12 жылдан бері іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды. Ол сол елдің азаматынан жүз елу мың АҚШ долларын бопсалап алған.