12 қыркүйек – Қазақ киносы күні Астанада Unico Play ұлттық стримиң платформасының ресми тұсаукесері өтті.
Платформаның тұсаукесерін өткен жылдың күзінде жұмыс істей бастағанын жариялаған Uni-Q Group медиахолдиңі өткізді.
Салтанатты іс-шараға шығармашылық индустрия мен БАҚ өкілдері жиналды. Unico Play (UniCo – «Unique Content») алғаш рет сандық ойын-сауықтың жаңа стандарты ретінде ұсынылды.
«Біз Unico Play онлайн кинотеатрын жай ғана шығарып жатқан жоқпыз. Біз қазақстандық фильмдерді көріп, мақтан тұтуды әдетке айналдырып жатырмыз. Біз үшін миллиондаған адамдардың өз тілінде тарихты тануы, ал шетелдегі көрермендердің біздің мәдениетіміз туралы білуі маңызды», – деп баса айтты Uni-Q Group бас продюсері Анар Жүнісова.
Unico Play өзінің IT платформасында құрастырылған және жұмыстың бірінші күнінен бастап бүкіл әлем бойынша смартфондарда, браузерлерде және Smart теледидарларда қолжетімді. Жазылымның бірінші айы тегін, одан кейін оның құны айына небәрі 999 теңге тұрады. Unico Play көрермендерге 10 000 сағаттық контентке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Бұл жобаны жүзеге асыруда біз аймақтық және жаһандық деңгейде контентті өндіру және тарату бойынша барлық тәжірибемізді пайдаландық. Біздің мақсатымыз – толыққанды өндіріс тізбегін құру – жас сценаристер питчиңінен және өзіміздің түпнұсқа сериалдарымыз бен фильмдерімізді түсіруден бастап контентті монетизациялауға және барлық нарықтарда авторлық құқықтарды қорғауға дейін. Бұл жас қазақстандықтар үшін «шығармашылық лифт». Олардың әлеуеті орасан зор, тек оны дамытуымыз керек», – деді Uni-Q Group продюсері Дмитрий Гудумак.
Unico Play қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі интерфейсті, 4K көру және офлайн қолжетімділікті, жазылымды бірден бес құрылғыда пайдалану мүмкіндігін, жекелендірілген AI негізіндегі ұсыныстарды және авторлық құқықты интеллектуалды қорғау ұсынады.
«Біз IT шешімдері бізге сырттан келеді деп ойлауға үйренгенбіз. Бірақ Unico Play керісінше дәлелдеді. Қазақстанда сапа мен мүмкіндіктері жағынан жаһандық ойыншылармен бәсекелесетін платформа құруға болады. Біз оны әзірлеу тобымыздың күшімен бір жылға жетпей орындадық», – деді Unico Play басшысы Дияс Досмұханбетов.
Unico Play нарыққа бірегей контенттің мол қорымен кіреді. Биыл көрермендер 6 түпнұсқа сериал көре алады, тағы 23 сериал өндірісте. Кітапханада қазақ тіліндегі әлемдік премьералар, түрік және кәріс сериалдары, отандық кино классикасы, 100-ден астам телеарна, спорттық хабарлар және қазақ тіліндегі балаларға арналған контенттің ең үлкен жинағы бар.
Холдиңнің алғашқы инвесторлардың бірі қазақстандық кәсіпкер Тимур Турлов болған. Жобаға «Дара» Президенттік бастамалар қоры және басқа да дербес инвесторлар белсенді түрде қолдау көрсетіп жатыр.
12 қыркүйек күні кешке Unico Play-де «Қара Бекіре» драмасының премьерасы өтті. Бұл оқиға Каспий теңізін құтқару және оның экожүйесін қалпына келтірудің өзекті мәселесімен тығыз байланысты және басқа да маңызды әлеуметтік мәселелерді көтереді.
Анықтамалық ақпарат.
Unico Play - Uni-Q Group экожүйесінің бөлігі. Оған Unico Studio (фильмдер мен сериалдар шығару), Unico Dub (тәулігіне 600 сағатқа дейін контентті үйлестіруге мүмкіндік беретін AI дубляжы және субтитр), Unico Rights (халықаралық тарату), AINA сандық форматтар зертханасы және жас авторларға арналған Shabyt Lab қолдау бағдарламасы кіреді. Осы бастамалар арқылы Uni-Q саланы белсенді дамытып жатыр: тек бірінші жылдың өзінде Шабыт зертханасына үміткер режиссерлерден 663 өтінім келіп түсті, ал финалистер желтоқсан айына дейін премьера дайындап жатыр. Платформаны әзірлеуге барлығы 2000-нан астам автор қатысады.