Көкшетаулық полицейлер үйдің төбесінен секірмек болған адамды құтқарып қалды

12 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы

Көкшетау қалалық полиция басқармасына түскен дабылға дер кезінде жеткен тәртіп сақшысы ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көкшетау қаласының полиция басқармасына Юбилейный көшесіндегі үйдің төбесінде ер адамның секірмек болып тұрғаны туралы хабарлама түсті.

"Шақыруға жедел жеткен патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Азамат Албақов дереу әрекет етті. Ол шатырға көтеріліп, соңғы сәтте ер адамды ұстап қалып, қайғылы жағдайдың алдын алды", - делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламасында.

Кейін анықталғандай, ер адам мас болған. Оның сөзінше, ол пәтерінің кілтін жоғалтып алғандықтан, бесінші қабаттағы үйіне шатыр арқылы түсуге әрекеттенген. Бұған дейін де осындай тәсілді қолданып көргенін мәлімдеді. 

Тэгтер:

Полиция Көкшетау