«Бәріміз мәңгілік емеспіз»: Гүлзира Айдарбекова астарлы жазба жариялады

12 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы

Танымал продюсер әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың шығармашылығы туралы сыр шертті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Кішкентайынан еңбекқұмар болып өскен ақ Қайроштарыңыз, болды атағым бар деп жатып алған күні болған жоқ, ылғида ізденіс үстінде. Өзін ғана емес, өз отбасын да, ата-ана, бауыр бәрін уайымдаумен бөлісіп отырғанының арқасында мүмкін әлі КП болып болып өз брендін жалғастырып келе жатқаны, Алланың бір нығметі болар. Қаншама оқырман ақыл айтады, неге бүйтпейсің, неге сүйтпейсің деп, сол адамдар неге өздері сөйтпейді екен деп қоямын. Ал ақшасын санап отырғандар, ер жігітке ата-анада, бауыр да, өз отбасы да сынақ. Бір отбасында бір адамға сынақ етіп, ақшаны да абыройды да үйіп-төгіп береді, сенің ниетің қалай, асынып-тасынасың ба, жоқ мен таптым деп кеуде көтересің ба оның бәрі пейіліңе байланысты, сынаққа сынып кетпесең құдайдың бергені берген. Бәріміз мәңгілік емеспіз. Бірақ әрбірінің сен үшін өз орны бар, осыны ұмытпау керек. Ата-ананың ақ батасын алып жүрген азамат-азаматшалардың Алла қолаушысы, қорғаушысы. Болдым, толдым деп, есегі судан өткен соң, тамыры жуандап, әйелінің, бала-шағасының алдында өз әкесінің аузы-мұрнын қан жоса етіп сабап, өлім құштырғанына бәріміз куә болдық Сондай ұрпақтан сақтасын бәріңізді. Үміт артқан ұл қыздарыңыздың ауызбіршілігі болып, сізге деген құрметі болып бақытқа жеткізсін! Ең бастысы төрт көзіміз түгел болсын, қалғанының бәрі реттеймін деген адамға кеш емес, саналы ұрпағымыз болсын!», – деп жазды продюсер.

Тэгтер:

әнші Қайрат Нұртас Гүлзира Айдарбекова