Қайрат Нұртастың 16 жастағы қызы 33 млн теңге тұратын көлігін көрсетті

Бүгін, 18:54 / Өтей Торғайұлы

Танымал әнші Қайрат Нұртас бірнеше күн бұрын 10 жастағы кенже ұлы Ханға автокөлік сыйлаған болатын, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ал күні кеше 16 жастағы екінші қызы Алау желідегі парақшасына Hyundai PALISADE көлігінің қасында кілтін ұстап тұрып түскен суретін жүктеді. 

Жасөспірім көлікті қайдан алғанын, кім сыйлағанын жазбаған. 

Бірақ өндірушінің сайтында бұл модельдің Қазақстанда 2025 жылдың 14 тамызында сатылымға шыққанын, бастапқы құны 33 890 000 теңге екені көрсетілген. 

Желі қолданушылары жаппай құттықтап жатыр.