Санжар Тәшкенбай Әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті

Бүгін, 17:55 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем біріншілігінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Былғары қолғап шебері 50 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында Сингх Мандегбаммен (Үндістан) өзара мықтыны анықтады.

Санжар Тәшкенбай бірінші үшминуттықта тізгінде қолына алды. Жекпе-жектің соңына дейін басымдығын сақтап қалған жерлесіміз еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) әлем чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды.

Тэгтер:

әлем чемпионаты Санжар Тәшкенбай жеңіс ширек финал