Шыңдарды бағындырушы қазақстандық азамат Парсының қасиетті тауында Мемлекеттік Туды желбіретті

Бүгін, 17:07 / Інжу Әлихан
«AMANAT» партиясы баспасөз қызметі

Қазақстандық альпинист Ғалымжан Құспанов Азияның ең биік  жанартауы – Демавенд шыңына шықты. Онда отандық альпинист еліміздің Көк байрағын және «AMANAT» партиясының туын желбіретті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осылайша, Ғалымжан Құспанов әлемдегі ең биік деген жеті шыңның алтауын (Эверест – 8848 м, Эльбрус – 5642 м, Аконкагуа – 6962 м, Винсон – 4892 м, Карстенз – 4884 м, Килиманджаро – 5895 м.) және ең биік жеті жанартаудың алтауын (Сидлей – 4285 м, Охос-дель-Саладо – 6893 м, Гелуве – 4368 м, Килиманджаро, Эльбрус, Демавенд - 5609 м) бағындырды.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы еліміздің спорт және туризм саласын дамыту ісіне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, партия жыл сайын халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесін ұйымдастыруға атсалысады. Ал биыл партия еліміздің негізгі табиғи ландшафттарын қамтитын ұлттық туристік соқпақтар жүйесі – «Алатау аманаты» жобасын іске қосты.

Аталған жоба аясында Шарын шатқалынан бастап, Таңбалы археологиялық кешеніне дейінгі 1200 шақырымнан астам қашықтықты алып жататын ұзын-сонар ұлттық соқпақ салу көзделуде. Бағыт бойында 270 мыңнан астам тұрғыны бар 24 инфрақұрылым нысаны мен 20 елді мекен орналасқан. Туристер этноауылдарға, глэмпингтерге, кемпингтерге, визит-орталықтарға, құтқару стансаларына, сондай-ақ гастрономиялық және этномәдени туризм орындарына бара алады. Болашақта мұнда шытырман оқиғаға толы ішкі және халықаралық туризмге арналған тұтас экожүйе пайда болады.

Бүгінде экспедицияларға қатысушылар болашақ соқпақтың шығыс және батыс бөлігінде 31 маршрут бойынша 1 273 шақырымды жүріп өтуде. Дәл қазір 10 топ тауда барлау экспедициясында жүр. 2025 жылы қаңтар-маусым айлары аралығында Алматы тау кластерінде 1,4 млн. адамға қызмет көрсетілді. Оның 328 мыңы – шетелдік турист.

Тэгтер:

«AMANAT» Ту