«Барыс» ХК негізін салушы әрі алғашқы жаттықтырушысы көз жұмды

Бүгін, 16:50 / Алуа Арман
"Барыс" ХК сайты

«Барыс» хоккей клубының негізін қалаушы әрі алғашқы жаттықтырушысы Владимир Пашковский 77 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы журналист, тележүргізуші Майя Бекбаева жазды.

Владимир Пашковский 1948 жылдың 7 қаңтарында Целиноградта дүниеге келген. 30 жылдан астам уақыт бойы Астана мен Ақмола облысының құрама командаларының жаттықтырушысы болып еңбек етті, елордадағы хоккейдің дамуына бастау салған тұлғалардың бірі болды. 2005 жылдан 2021 жылға дейін ҚР шайбалы хоккей бойынша мемлекеттік жаттықтырушысы қызметін атқарды. Ол ұзақ жылдар бойы жас хоккейшілердің бірнеше буынын тәрбиелеп, оларды республикалық деңгейдегі барлық жарыстарға дайындап шығарды.

Тэгтер:

хоккей Барыс хоккей клубы жаттықтырушы Владимир Пашковский