СҚО-да құтқарушы 3 вагонды жалғыз өзі сүйреді (ВИДЕО)

Бүгін, 16:03 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушы әрқайсысының салмағы 23 тонна болатын үш вагонды жалғыз өзі сүйреді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Министрліктің мәліметінше, СҚО ТЖД-ның Аққайың ауданы Смирнов ауылындағы №9 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Парсахан Алдияров айтулы датаға орай жеке рекордын орнатқан.

Ол теміржол бойымен салмағы 23 тоннадан тұратын үш вагонды жалғыз өзі сүйреген.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкері үнемі спортпен шұғылданады. Ол өрт пен табиғи апаттарға қарсы тұру үшін, адамдарды қорғау және құтқару үшін құтқарушы жақсы физикалық формада болуы тиіс деп санайды.

Парсахан Алдияров әрбір адам таңдаған мамандығында үнемі шыңдалып отыруы керектігін, сонда ғана өз еңбегімен шын мәнінде мақтанып, көздеген мақсаттарына жете алатынын айтады.

Тэгтер:

СҚО Вагон