Жамбыл облысында жер сілкінісі болды

Бүгін, 15:40 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Жамбыл облысында екі балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 12 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 12:57-де жер сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 187 км жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жамбыл облысы Қордай ауданында сезілуі – 2 балл.

"Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ", - делінген хабарламада.

ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 ережені еске салады:

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкінісі кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда), көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

6. Мүмкіндігіңізше кетер алдында суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ тұрыңыз;

9. Жер сілкінісіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Тэгтер:

Жер сілкінісі Жамбыл облысы