Экран алдында ұзақ отыру депрессия қаупін арттырады – зерттеу

Бүгін, 03:30 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Халықаралық зерттеушілер тобы экран алдында ұзақ уақыт отырудың депрессия даму қаупін күшейтуі мүмкін екенін анықтады. Lifelines зерттеуіне қатысқан 65 мыңнан астам ересек адамның деректері талданып, нәтижесі European Psychiatry журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғалымдардың мәліметінше, орта жастағы адамдар теледидар алдында өткізетін уақыттың бір бөлігін дене белсенділігіне немесе ұйқыға ауыстырса, депрессияға шалдығу ықтималдығы төмендейді. Қарттарда мұндай қорғаныс әсері тек спортпен байланысты болған. Ал жастар арасында айқын байланыс байқалмаған.

Зерттеу авторларының айтуынша, теледидарды көп қарау психикалық ауруларға бейімділікті арттырады. Сондықтан бұл уақытты белсенді немесе қалпына келтіретін әрекеттермен алмастыру депрессияның алдын алудың тиімді тәсілі болуы мүмкін.

Тэгтер:

зерттеу Теледидар зиян экран