Дәрігер бронхиалды астманың қаупі туралы айтты

Бүгін, 04:30 / Алуа Арман
istockphoto.com

Бронхиалды астма – бронхтардың созылмалы аллергиялық қабынуы. Ол көбіне бронхтардың тарылуымен, шырыштың шамадан тыс бөлінуімен және тыныс алудың қиындауымен сипатталады. Бұл ауруды қалай дер кезінде анықтап, қалай алдын алуға болады?

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда бронхиалды астма балалар арасында жиі кездеседі. Оның дамуына қоршаған ортаның нашарлауы, дұрыс тамақтанбау және аллергияға бейімділік әсер етеді.

Аллергияға бейімділік тұқым қуалауы мүмкін. Егер балада түсініксіз жөтел болса, қимылдаған кезде (жүгіру, ойын, баспалдақпен көтерілу) ентікпе байқалса, не ол дұрыс жатпай, ішінің ауырғанын немесе шаршағанын айтса, бронхиалды астма болуы мүмкін. Мұндай жағдайда аллергологқа немесе пульмонологқа қарату қажет.

Негізгі белгілері:

Бронх қабырғаларының созылмалы қабынуы.

Бронхтың тегіс бұлшықеттері жиырылып, олардың саңылауын тарылтады.

Шырыштың көп бөлінуі тыныс алуды қиындатады.

Симптомдары:

Астма ұстамасы (ентігу, ауа жетпеу сезімі).

Құрғақ сырыл.

Көбіне түнде немесе таңертең күшейеді.

Ұстамадан кейін қақырық бөлінуі мүмкін.

Жиі кездесетін триггерлер:

Аллергендер (үй шаңы, тозаң, жануарлардың жүні, зең).

Тыныс жолдарының инфекциялары.

Суық ауа, дене жүктемесі.

Темекі түтіні, химиялық тітіркендіргіштер.

Стресс.

Алдын алу шаралары – қарапайым. Дәрігердің айтуынша, салауатты өмір салтын ұстану, темекі шекпеу, аллергендерден аулақ болу, үйді жиі тазалау қажет. Сондай-ақ иммунитетті нығайту, тыныс алу жаттығуларын жасау маңызды.

Тэгтер:

денсаулық дерт ауру салауатты өмір салты бронхиалды астма астма