Дәрігер күздегі ең пайдалы өнімді атады

Бүгін, 04:00 / Алуа Арман
istockphoto.com

Күзгі ең пайдалы өнім – қырыққабат. Ол С дәруменіне бай, ал оның шырыны қабынуға қарсы әсерге ие. Бұл туралы терапевт дәрігер Анастасия Якимова айтты, деп жазады turkystan.kz.

«Күздің негізгі өнімі – қырыққабат: онда лимонға қарағанда С дәрумені көбірек. 100 грамм қырыққабатта тәуліктік норманың 70 пайызына дейін бар», – деді дәрігер.

Оның айтуынша, қырыққабаттың шырынын бұрын жараларды жазу және асқазан қабынуын емдеу үшін қолданған.

«Жаңа жиналған қырыққабат жапырағында С, К, В тобы дәрумендері, органикалық қышқылдар, сондай-ақ микробтарға қарсы әсері бар фитонцидтер болады. Қырыққабат жапырағы ауырсынуды басып, ісікті қайтаруға қабілетті деп есептелген. Сонымен қатар заманауи зерттеулер қырыққабат шырынының қабынуға қарсы әсерін растайды, бірақ бұл құрал толыққанды медициналық емнің орнын баса алмайды», – деп атап өтті Якимова.

Тэгтер:

денсаулық күз қырыққабат пайдалы өнім орамжапырақ