Дәрігер тәттіқұмарларға 5 кеңес берді

Бүгін, 03:00 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

«Анхангуэра» колледжінің тамақтану бағдарламасының үйлестірушісі, диетолог Вагнер дос Рейс қантты аз тұтыну тамақтан ләззат алуға кедергі келтірмейтінін мәлімдеді. Ол Terra басылымына берген сұхбатында тәттқұмарларға аталған әдісті жеңілдететін 5 кеңес берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Кәдімгі нан құрамында жиі қосылған қант болады. Сондықтан тұтас дәннен жасалған нанды таңдаған жөн немесе үй рецептерін қолданып көріңіз. Ал ақ қанттың орнына банан, алма немесе ұнтақталған даршын (корица) пайдалануға кеңес беремін», – деді Рейс.

Сондай-ақ диетолог газдалған сусындардың орнына лимон тілімдері, жалбыз және зімбір қосылған су ішуге кеңес берді. Печеньенің баламасы ретінде ол кептірілген жемістерді, жаңғақтарды, сондай-ақ банан, алма және кокос чипсін таңдауға болады дейді. Ал шоколадты жақсы көретіндерге құрамында кемінде 70 пайыз какао бар түрлерін таңдауды ұсынды.

Тэгтер:

денсаулық дәрігер кеңес Тәттіқұмар