"Өнер тарихындағы басты жаңалық": Парижде Рубенстің жоғалған картинасы 411 жылдан кейін табылды

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат

Париждегі жеке меншік жекежайдан атақты суретші Питер Пауль Рубенстің картинасы табылды. 1613 жылы салынған бұл туынды сол жылы-ақ жоғалып кеткен және 411 жылдан кейін ғана, 2024 жылғы қыркүйекте, алтыншы округтегі ғимаратты түгендеу барысында анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аукцион үйінің президенті Жан-Пьер Осена бұл жаңалықты «өнер тарихындағы басты жаңалық» деп атап, картинаның Рубенстің шығармашылық қуатының шарықтау шегінде жазылғанын айтты. Онда айқышқа шегеленген Ғайса бейнесі қара бұлтты аспан аясында бейнеленген, ал артқы фонда Иерусалим көрініс тапқан. Өлшемі 105,5×72,5 см болатын кенеп жақсы сақталған және жеке коллекционерге арналып жасалғаны анықталған.

Картинаның түпнұсқалығын Антверпендегі Rubenianum ұйымының президенті, XV–XVI ғасырдағы неміс, фламанд және голланд өнері бойынша маман профессор Нильс Бюттнер растады. Сараптама барысында рентгендік зерттеу мен пигменттерді талдау жүргізілген. Сондай-ақ оның шығу тегі анықталды: XIX ғасырда картина француз суретшісі Уильям Бугроға тиесілі болған, кейін Париждегі осы жекежай иелерінің қолына өткен.

Бұл шедевр 30 қарашада өтетін көне картиналар аукционында сатылымға қойылып, басты лотқа айналмақ.

Тэгтер:

өнер картина жаңалық бейнелеу өнері Рубенс