Ішкі істер министрінің тапсырмасымен Маңғыстау облысына Ұлттық ұлан авиациясының ұшағы жіберілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл ұшақта жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандардың туыстары бар. Олар мәйіттерді тану және басқа да қажетті рәсімдерден өту үшін аттанды.
ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің хабарлауынша, осы әуе борты қаза тапқандардың денелерін олардың тұрғылықты өңірлеріне жеткізу үшін де пайдаланылмақ.
«Қаза тапқандардың ішінде бесеуі Қарағанды облысының тұрғыны, әйелдер, біреуі – Астана қаласында тұрған әйел», – деді ІІМ ресми өкілі.
Әлекешевтің айтуынша, ІІМ мұндай қадамға «қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, оның ішінде мәйіттерді тану рәсіміне қатысу, оларды жеткізу және жерлеу мәселелерін шешу үшін» барған.