Шұғыл түрде нейрохирургия, хирургия және травматология бөлімдерінің жоғары білікті мамандары бірігіп, науқасқа бірнеше сағатқа созылған жедел ота жасады. Дәрігерлер асқан шеберлікпен сынған сүйектерді біртіндеп жинап, қайта қалпына келтірді. Операциялардың нәтижесінде азаматтың өміріне төнген қауіп сейілді,деп хабарлайды turkystan.kz.
Жалпы, науқасқа 5 күрделі ота жасалған. Алғашқы төрт операциядан кейін ол бірнеше күн жансақтау бөлімінде комада жатып, бесінші күні есін жиған. Кейін сан сүйегіне соңғы күрделі ота жасалған.
Оқыс оқиға салдарынан 26 жастағы азамат жедел жәрдеммен ауыр халде, ес-түссіз қаладағы ауруханаға жеткізілген.
Алғашқы тексеру нәтижесінде оған бірнеше ауыр диагноз қойылған. Олар - бас-ми жарақаты , бет сүйектерінің көпбөлікті сынуы, кеуде қуысы жарақаты, жамбас сүйектерінің сынуы,аяқ-қол сүйектерінің күрделі ашық сынықтары.
Шымкентте ер адам 5-қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға жеткізілген