Атыраулық келіншек үш жастағы баланың үстінен полицияға арыз жазды

Бүгін, 11:10 / Алуа Арман
istockphoto.com

Атыраулық әйел үш жасар қыз баланың үстінен шағым түсірді. Оған ойыншық себеп болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жағдай туралы Threads әлеуметтік желісінде үш жасар қыз баланың анасы жазды.

«Кафеде қызым ойыншық шаңсорғышты алып ойнап отырды. Үлкенірек қыз оны тартып алмақ болды, ал оның анасы айқайлап: "Қызыңызға әдеп үйретіңіз" деп кірісті. Арада он минут өтпей балалар досындай ойнап кетті. Ал әлгі әйел қызымның үстінен арыз жазыпты. Балаға. Оның үстіне, үш жасар қызымнан өзінің бес жасар қызының алдында көпшілікке кешірім сұрауын талап еткен», – деп жазды баланың анасы.

Атырау облыстық Полиция департаменті балаға қатысты арыздың түскенін растады.

«Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, баланың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме өткізілді. Оларға үш жасқа толмаған балаға қатысты арыз қабылданбайтыны түсіндірілді. Осыған байланысты азаматшаның арызы заң талаптарына сәйкес қараусыз қалдырылды», – деді полиция.

Тэгтер:

Полиция Атырау Бала арыз