Қарағанды облысында көмір өндіруші кәсіпорын 343 млн теңге салықтан жалтарған

Бүгін, 10:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қарағанды облысының прокуратурасы көмір өндіруші кәсіпорынның 343,6 млн теңге салықтан жалтарғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылғы 13 маусымда ҚК-нің 245-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тексеру барысында кәсіпорын үлестес тұлғаны бейрезидент ретінде пайдаланып, өзара есеп айырысуларда салық мөлшерлемесін 1,95 млрд теңгеге төмендеткені белгілі болды.  

Тергеу нәтижесі бойынша кәсіпорын директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Залалды толық көлемде өтеуіне байланысты іс ҚК-нің 245-бабының ескертпесіне сәйкес ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

Тэгтер:

салық кәсіпорын көмір өндіруші