Қостанай облысында магистральді су құбырын жөндеу кезінде жұмысшыларды топырақ басып қалды. Салдарынан бір жұмысшы Рудный қаласының ауруханасында көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 13 тамызда болған. Рудный қаласында апатты қалпына келтіру жұмыстары кезінде топырақтың бір бөлігі опырылып түскен. Нәтижесінде екі жұмысшы зардап шеккен.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, еңбек қауіпсіздігі ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Қорытынды процессуалдық шешім тергеу нәтижесіне сәйкес қабылданатын болады.