Алматыда жолға таласқан екі самокатшының төбелесі камераға түсіп қалды

11 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы

Екі самокатшы жолды бөлісе алмай төбелес шығарған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Stan.kz ақпарат агенттігінің жазуынша оқиға қаладағы Абай және Момышұлы көшелерінің қиысылында болған. Желіде тараған видеодан самокат мінген екі ер адамның соқтығысып қалғанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, ер адамдар әуелі сөзге келіп, даудың арты төбелеске ұласқан. 

Жағдайға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеме жасады. 

“Жаяу жүргіншілер жолында туындаған жанжалға қатысушылар ұсталып, заң бойынша жауапқа тартылады. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық тұрғыдан баға беріледі”, – деді полиция.

Тэгтер:

Алматы Самокат