Футзалдан жасөспірімдер арасындағы Еуро-2027 Қазақстанда өтеді

11 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы

Албания астанасы Тиранада өткен УЕФА Атқарушы комитетінің жиынында бірқатар халықаралық және клубтық турнирлердің шешуші ойындарын қабылдайтын қалалар анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соның ішінде Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан футзал қауымдастығының 19 жасқа дейінгі командалар арасындағы футзалдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін елімізде өткізу туралы өтінімі мақұлданды.

Осы шешімге сәйкес, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қабылдаушы ел ретінде автоматты түрде финалдық кезеңге жолдама алады. Жарысқа барлығы сегіз команда қатысады.

Айта кетсек, бұл турнир алғаш рет 2019 жылы ұйымдастырылған. Қазір U-19 санатындағы Еуропа чемпионы – Португалия, ал екі мәрте (2019 және 2022 жылдары) топ жарған Испания ең табысты команда саналады.

Тэгтер:

Футзал спорт