АҚШ-та әуе кемесі аспанда оқыс жағдайға тап болды

11 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы

Әуе кемесі құстармен соқтығысқаннан кейін әуеде бұрылыс жасап, әуежайға қайтып оралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

American Airlines әуе компаниясының ұшағы АҚШ-та құстармен соқтығысуына байланысты рейсін тоқтатуға мәжбүр болды.

Бұл туралы CBS News телеарнасы мәлімдеді.

Оқиға Филадельфиядан Сан-Францискоға бағыт алған рейсте болған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен көп ұзамай бірнеше құспен соқтығысқан. Осыдан кейін ол әуеде бұрылып, әуежайға қайта оралды.

Әуе компаниясының өкілі хабарлағандай, ұшақ сәтті қонды және өз бетімен жолаушыларды түсіру аймағына шықты. Жолаушылар қалыпты тәртіппен түсті. Мақсатты бағытқа оларды қосымша әуе кемесі жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.
 

Тэгтер:

Ұшақ АҚШ