Ғалымжан Кенжебекке Еуропадан таңғаларлық ұсыныс жасалды

11 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек Шотландияның «Селтик» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы penalty.kz жазды.

Шотландияның атақты клубы – «Селтик» ел футболындағы жас талантардың біріне назар аударған. Белгілі болғандай, команда өкілдері «Елімай» сапында өнер көрсетіп жүрген Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық білдіруде және клубқа ресми ұсыныс жасауға дайын.

Жазғы трансферлік терезеде «Кошице» командасынан келіп, «Елімаймен» келісімшарт жасаған шабуылшы бірден жанкүйерлердің назарына ілікті. Бұған дейін оған Словакия, Ресей және Батыс Еуропаның бірқатар клубтары көз тігіп, олардың арасында Шотландияның тағы бір өкілі – «Хартс» клубы да бар екені белгілі.

Айта кету керек, бұған дейін «Селтик» пен қазақстандық командалар еурокубоктарда жолыққан. Соның бірі – Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы матч. Бұл ойында негізгі уақытта есеп ашылмай, пенальти сериясында алматылық клуб жеңіске жеткен (0:0, пенальти – 4:3). Ол сәт жанкүйерлер жадында сақталып қалғаны анық.

Тэгтер:

Футбол Еуропа Ғалымжан Кенжебек