Таразда 41 жастағы жергілікті тұрғын полицияға жүгінді. Әйел өз ұлы тарапынан зорлық-зомбылық көргенін айтқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қылмыскерге сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Orda.kz мәліметінше, күдікті 21 жаста, еш жерде жұмыс істемейді.
Полиция Қылмыстық кодекстің 120-бабы («Зорлау») бойынша іс қозғады. Сот бұлтартпау шарасын қолданды. Жәбірленушінің ұлы қамауға алынды.