Қазақстандық садақшылар Әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Бүгін, 17:24 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстандық садақшылар Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандастарымыз блоктық садақ атудан аралас командалар арасындағы жарыста жоғары нәтиже көрсетті.

Роксана Юнусова мен Андрей Тютюн ширек финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Нидерланд құрамасынан 153:155 есебімен жеңіліп қалды.

Нәтижесінде Қазақстан командасы жалпы есепте алтыншы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, әзірге ұлттық құраманың еншісінде бір ғана медаль бар. Әйелдер құрамасы блоктық садақ атудан қола медаль жеңіп алды.

Тэгтер:

әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы Садақ ату садақшылар