Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 538,89 теңгені құрап, 0,65 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 11 қыркүйектегі ресми доллар бағамы – 538,2 теңге.
Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазір Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 538,87 теңге, сату бағамы – 540,79 теңге. Астанадағы айырбастау орындарында долларды орташа есеппен 537,54 теңгеден сатып алып, 542,54 теңгеден сатып жатыр.
Еске салайық, 8 қыркүйектегі күндізгі сауда-саттық қорытындысында доллардың орташа бағамы 2,64 теңгеге төмендеген, 9 қыркүйекте 1,67 теңгеге, ал 10 қыркүйекте 1,46 теңгеге көтерілген болатын.