Қайғылы оқиға 10 тамызда болған. «Qarmet» АҚ-ға тиесілі «Абай» шахтасының жұмысшысы вагонның ішінде, бірнеше тонна көмірдің астында қалып қойған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл жағдайдың нақты қалай болғаны әзірге белгісіз, қазір тергеу жүріп жатыр.
28 жастағы Константин Сошняниннің денесі 10 тамыз күні теміржол вагонынан көмір түсіру барысында табылды.
«Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін аймақтық еңбек инспекциясы арнайы тергеу комиссиясын құрды. Тергеу ҚР Еңбек кодексінің 186–189-баптарының талаптарына сәйкес жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар жергілікті полиция бөліміне жолданады», – делінген департамент жауабында.
«Qarmet» АҚ ресми өкілдері бұл жағдайға байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.