Тоқтаусыз сериал көру миға пайдалы және стресті азайтады – зерттеу

11 қыркүйек, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, сериалдарды «марафон» түрінде қарау ми қызметіне оң әсер етіп, шынайы өмірдегі стрессті азайтады, деп хабарлайды turkystan.kz sciencedirect.com-ға сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, сериал көрген соң жеке проблемаға емес, сюжет пен кейіпкерлерге ойлары көбірек шоғырланатыны анықталды. Бұл үрдіс олардың мазасыздығын төмендетуге көмектеседі.

Зерттеушілер қиялдың көңіл көтеру теориясындағы рөлі әлі толық зерттелмегенін атап өтті. Алайда сериалдарды үздіксіз көру оқиғасын есте сақтау мен ойша қайталау мүмкіндігін арттырады, бұл психологиялық тұрғыдан жеңілдік сезімін береді.

Ғалымдар келешекте үздіксіз контентті қарау адамның психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға және жалпы әл-ауқатын арттыруға қалай әсер ететінін зерттеуді жоспарлап отыр.

Тэгтер:

психология күйзеліс ми сериал стресс