Бағлан Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымды 2021 жылдың қарашасынан бері атқарып келген еді. Ол Ауыл шаруашылығы министрлігінде агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру бағытына жетекшілік еткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бекбауов Бағлан Абдашимұлы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды», – делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бағлан Бекбауовтың өмірбаяны:
1983 жылы Түркістан қаласында туған.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-ді тәмамдаған. Мамандығы: «Есептеу техникасы мен желілердің бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етілуі, құқықтану».
Еңбек жолын 2006 жылы жеке компанияда бағдарламашы болып бастаған.
2008–2016 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құрылымында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2016–2017 жылдары коммерциялық ұйымның техникалық директоры болған.
2017–2020 жылдары Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2021 жылғы қаңтар–ақпан айларында «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
2021 жылғы шілде–қараша аралығында жеке компанияның бас директоры қызметін атқарған.