Жетісу полициясы ірі инвесторларға заңсыз айыппұл салған

Бүгін, 11:15 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ірі инвесторларға салынған айыппұлдардың күші жойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Прокурорлық сүзгімен» облыстағы 2 ірі инвесторды прокурордың келісімінсіз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады.

Талдықорған қаласының полиция басқармасы «Алмаз Керамикс» ЖШС керамикалық плитка шығаратын зауытқа және «Қайнар-АКБ» ЖШС аккумулятор шығаратын зауытқа екі рет айыппұл салған.

Талдықорған қаласы прокурорының қадағалау актілері бойынша 300 мың теңгеден астам айыппұл салынған әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды.

Тэгтер:

Айыппұл Жетісу инвестор