Павлодарда 10 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандар – мектептер, балабақшалар, ауруханалар және басқа да мекемелерге жылу беріле бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ал тұрғын үйлер әзірге жылусыз қалып отыр. Билік өкілдері пәтерлерге жылу тек тәуліктік орташа температура үш күн қатарынан +10 °C немесе одан төмен деңгейде сақталған жағдайда ғана берілетінін еске салды.
«Қазгидромет» мәліметінше, қазір Павлодарда күндіз ауа температурасы +11...+13 градус, түнде +5...+7 градусқа дейін төмендейді. Өткен жылы қалада жылу 18 қыркүйекте қосылған болатын.