Шығыс Қазақстанда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Бүгін, 10:26 / Алуа Арман
polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында полиция мал ұрлығына қатысы бар топты ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық “Бекет” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер қажетті құжаттарсыз үш малдың еті тиелген автокөлікті тоқтатқан.

Жедел тергеу іс-шаралары барысында екі күдікті ұсталды. Полицейлер олардың бұған дейін жасалған бір ірі қара мал ұрлығына қатысы барын анықтады.

Қылмыстық әрекеттер әсерінен жалпы 600 мың теңгеден астам шығын келтірілген. Ұрланған малды күдіктілер облыс орталығына жеткізіп, ет базарында сатуды жоспарлаған. Тәркіленген үш малдың еті заңды иелеріне қайтарылды.

Тэгтер:

Қылмыстық топ Мал ұрлығы Шығыс Қазақстан