Клэр Балавуан: "Бұл жігіттің француз тілінде ән салғаны қандай тамаша"

Клэр Балавуан: "Бұл жігіттің француз тілінде ән салғаны қандай тамаша"

Клэр Балавуан: "Бұл жігіттің француз тілінде ән салғаны қандай тамаша"
ашық дереккөзі
Атақты француз әншісі Даниель Балавуанның әпкесі I Am a Singer конкурсында Димаш Құдайбергеновтың "SOS d'un terrien en détresse" әнін қалай орындағанына баға берді. Клэр Балавуан өз әсерін C8 арнасы арқылы білдірді. "Құдайым-ау! Оның табиғат берген дарыны бар, Даниельдікіндей. Даниель де бар бітімімен шырқаушы еді. Әрине, бұл өзге әнші, өзге тарих, бірақ, бұл орындау ғажап. Бұл балада әнге толық беріледі. Ол сондай жас болғанмен, орындауы ерекше. Таланты зор. Бұл жігіттің француз тілінде ән салғаны қандай тамаша", - дейді ол. Әнші, композитор және әндердің авторы Даниель Балавуан "SOS d'un terrien en détresse" әнін алғаш орындаған адам. Ол сегіз альбом жазып үлгерген, соңғысы миллионнан аса мөлшерде тараған. Балавун 33 жасында жол апатынан қаза болған. https://www.youtube.com/watch?v=0tcuEuQZAQo