Бокстан әлем чемпионаты: Карина Ибрагимова Олимпиада жүлдегеріне есе жіберді

10 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы
Сурет: Сали Сабиров

Қазақстандық бұрымды боксшы Карина Ибрагимова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында Париж-2024 Олимпиадысының күміс жүлдегері Юлия Шереметамен (Польша) кездесті.

Отандасымыз алғашқы раундта басым түсті. Дегенмен польшалық боксшы екінші және үшінші үшминуттықта тізгінді қолына алып, жеңіске жетті.

Тэгтер:

бокс Карина Ибрагимова