Tesla мен SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск әлемдегі ең бай адам атағынан айырылды. Бүгін одан Oracle корпорациясының негізін қалаушы әрі басшысы Ларри Эллисон озып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Forbes дерегінше, Эллисон бір тәуліктің ішінде 101 миллиард доллар табысқа ие болып, планетадағы ең ауқатты адамға айналды.
Бұл өсім нарықтағы алып келісімшарттармен байланысты. Қазір Oracle-дың жасанды интеллектке арналған ірі жобалары бар: компания жалпы көлемі 455 миллиард доллар болатын дата-орталықтар салу келісімдерін жасаған. Бұл орталықтар үлкен тілдік модельдер (LLM) мен есептеу қуатын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіш қысқа мерзімді «қаржы көпіршігі» емес, технологиялық серпіліс пен нақты сұранысқа негізделген.