Қазақстанның Құрметті журналисі Қайым-Мұнар Табеев өмірден өтті

10 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы

Көрнекті қаламгер, көсемсөз шебері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі Қайым-Мұнар Табеев өмірден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жазды.

"Қайым-Мұнар Тұрдақынұлы қазақ әдебиеті мен журналистикасының дамуына елеулі үлес қосып, ел руханияты жолында қалтқысыз қызмет етті. Оның қаламынан туған мақалалары, Желтоқсан оқиғасы туралы зерттеулері, сондай-ақ ұлттық әдебиетіміздің қазынасын байытқан шығармалары ел жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Ұлтына адал қызмет еткен абзал азаматтың жаны жәннатта, иманы саламат болғай", - деп жазылған ведомствоның көңіл айту хатында.

Тэгтер:

қаламгер Қайым-Мұнар Табеев