Виктория Графеева өзбек боксшысын жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін, 17:11 / Дана Ізтілеуова

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

60 келіге дейін жұдырықтасатын Виктория Графеева 1/4 финалда Өзбекстан өкілі Ситора Турдибековаға қарсы жұдырықтасты.

Алғашқы раунд тең дәрежеде өтті. Дегенмен Виктория Графеева жекпе-жектің екінші және үшінші кезеңінде басым түсті. Осылайша, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Викторияда кемі әлем чемпионатының қола жүлдесі бар.