Жетісуда алаяқтар қосымша арқылы азаматтардың 70 млн теңгесін ұрлаған

10 қыркүйек, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жетісу облысында адамдарды алдап, қосымша орнатқызу арқылы олардың қаржысына қол жеткізген қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жетісудағы ұйымдасқан қылмыстық топ AnyDesk қосымшасын орнату сызбасын пайдаланып, 70 млн теңге көлемінде пайда тапқан. Іс сотқа жолданғанын өңір прокуратурасы хабарлады.

«Алаяқтар телефон арқылы өзін банк қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырған. Сенімге кірген соң, азаматтарды мобильді телефондарына AnyDesk қосымшасын орнатуға мәжбүрлеген. Осылайша олар құрылғыға қашықтан қол жеткізіп, басқара алған. Кейін банктік қосымшалар арқылы азаматтардың атына несие рәсімдеген», – деп мәлімдеді прокуратура.

Алаяқтардың әрекетінен еліміздің өңірлерінен 40-тан астам тұрғын зардап шеккен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 70 млн теңгеден асқан.

Тэгтер:

Алаяқ Жетісу